Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15 қазан күні ақын С. Сейфуллиннің туған күніне арналған «Дала дауылпазы - С. Сейфуллин» атты тақырыпта кітап көрмесін INNOVERSE мектебінің 10 сынып оқушыларымен ақпараттық-библиографиялық бөлмінің меңгерушісі Г. Ешенова библиографиялық шолу жүргізу арқылы таныстырды.
Кітап көрмесінде ақынның XX ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған туындыларын ұсына отырып, «Тар жол, тайғақ кешу» романы мен «Көкшетау» поэмасына толық тоқталып, мазмұнын ашты.
Сәкентанушы, академик Т.Кәкішұлының «Сәкен және Гүлбаһрам», «Сәкен Сейфуллин» ғұмырнамалық зерттеу кітаптары және басқада сәкентанушы, әдебиетанушы қаламгерлердің еңбектерін оқуға ұсынды.
|